object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-21 20:07:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ғаламдық өзгерістер жағдайында

Baitursynuly University-де ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Экономика және құқық саласының өзекті мәселелері: қазіргі заманғы сын-қатерлер және даму перспективалары» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің экономика және құқық факультеті. Конференцияға жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар мен студенттер белсене қатысты.

Конференцияның ашылу салтанатында экономика және құқық факультетінің деканы Айдар Байкин кіріспе сөз сөйледі. Конференция модераторы - бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының аға оқытушысы Досмакова Алия Есенгазыевна.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген спикерлер:

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтті:

  1. Қазіргі кезеңде Қазақстан және шетел мемлекеттерінің Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуде тұлға, қоғам және мемлекеттің рөлі;
  2. Азаматтық және қылмыстық заңнаманы жетілдіру жағдайындағы құқықтану ғылымының өзекті мәселелері және құқық қолдану тәжірибесі;
  3. Ғаламдық өзгерістер жағдайындағы экономика: қазіргі заманғы сын-қатерлер және даму перспективалары;
  4. Қазіргі жағдайда тиімді басқару және есеп жүргізу.

Баяндамашылар:

  1. Malikova Darin Malikovna ағылшын тілінде «LEGAL MECHANISMS FOR ENSURING ACCESSIBILITY FOR PEOPLE WITH DISABILITIES IN THE FIELD OF WORK AND EDUCATION» тақырыбында баяндама жасады (Қырғызстан халықаралық университеті, Бішкек қ., Қырғызстан).
  2. Раймова Аружан Жасулановна «АЗАМАТТЫ ХАБАР-ОШАРСЫЗ КЕТТІ ДЕП ТАНУ НЕМЕСЕ ҚАЙТЫС БОЛДЫ ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚАРАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбын талқылады (Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қаласы, Қазақстан).
  3. Doktorbayeva Nurperi Zholdoshbekovna ағылшын тілінде «EFFECTIVE APPROACHES TO EMPLOYING PEOPLE WITH DISABILITIES IN THE DIGITAL ECONOMY» тақырыбында баяндама жасады (University of Pecs, Hungary).
  4. Кужемратова Сален Сонгыбековна «РАЗВИТИЕ ПЕРЕРАБОТКИ И НАРАЩИВАНИЕ НЕСЫРЬЕВОГО ЭКСПОРТА КАК ОСНОВА РАЗВИТИЯ МАСЛОЖИРОВОЙ ОТРАСЛИ КАЗАХСТАНА» тақырыбында баяндама жасады (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай қаласы, Қазақстан).
  5. Исмаилова Малика Марковна «ЭКОНОМИКА В УСЛОВИЯХ ГЛОБАЛЬНЫХ ИЗМЕНЕНИЙ: СОВРЕМЕННЫЕ ВЫЗОВЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ РОСТА» тақырыбында ғылыми жұмысын ұсынды (Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Қостанай қаласы, Қазақстан).

Конференцияда қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін қамтитын 120 ғылыми жұмыс ұсынылды.

Қабылдау комиссиясы