object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 14:01:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

УНИВЕРСИТЕТ ҚОРЖЫНЫНДА ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕ!

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «География пәні мұғалімдерін даярлау» бағыты бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы өтті. Байқауда Қазақстанның 7 жоғары оқу орнынан келіп түскен 12 студенттік жоба қаралды. Жұмыстардың тақырыптары келесі бағыттар бойынша ұсынылды: физикалық, экономикалық, әлеуметтік география, географияны оқыту әдістемесі, картография.

Байқауға Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының 3 курс студенті Сабина Джулдыбаева «Соңғы 50 жылдағы Қостанай қаласының климатын талдау» тақырыбындағы жұмысын жолдады. Зерттеу жұмысы барысында студент Қостанай облысы бойынша Қазгидромет ұсынған 1970-2020 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтерді пайдаланды

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Сабина жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды.

Сабина Джулдыбаева мен жетекшісі Гаухар Баубекованы жеңістерімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы