object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 22:34:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚМУ-де ғылым апталығы басталды

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 12 сәуірде Қазақстан бойынша аталып өтілетін Ғылым күніне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізеді. Елімізде орын алған жағдай алдын-ала жоспарланған іс-шараларға кедергі болмады. Сәуір айының 15-нен бастап ғылым күніне орай онлайн-конференциялар өтіп жатыр және ол «Digital law: цифрландыру тенденциясын күшейту жағдайында жаңа құқықтық институттарды зерттеу ерекшеліктері және теориялық модельдеу» тақырыбындағы пәнаралық дөңгелек үстел отырысынан басталды. Дөңгелек үстел trueconf платформасында өтті.   

Онлайн семинарға қатысушылар арасында ғаламдық беталыстар мен цифрландыру саласындағы отандық тәжірибе, киберқауіпсіздік саласындағы мамандарға деген сұраныс туралы ой қозғаған «AGRI KAC» ЖШС-нің директоры Ирина Сулименко бар. Өз кезегінде Г.Р.Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің аспиранты, Қостанай мемлекеттік университетінің түлегі Еркін Құрманалинов  диссертациялық зерттеудің жаңа интеграцияланған индустриялық «цифрлық құқық» саласын модельдеу бойынша нәтижелерімен бөлістіСонымен қатар ол құқықтың жаңа саласы - цифрлық құқықты уақытылы дамыту мәселесімен айналысу маңызды екенін атап өтті 

Құқықтық жүйені қайта құру ең алдымен Негізгі заңға әсерін тигізеді. Бұл мәселеге Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының профессоры Рашит Нұрмағамбетов жиналғандардың назарын аударды. Ол «цифрландыру» құбылыстары мен Конституцияның болашақтағы нұсқасын өзара тығыз байланыста қарастыру маңызды екенін атап өтті. 

Іргелі зерттеулер институтының директоры Әлімжан Бекмағамбетов аталмыш тақырыптың өзектілігі, ең алдымен, Мемлекет басшысының жақында коронавирустық пандемияға байланысты құрылған Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қайта қарау қажеттілігіне назар аударғанымен байланысты екенін айтты. Цифрлық құқық - университеттің іргелі зерттеулерінің бірі.  

Іргелі зерттеулер институтының бастамасымен, ғылым апталығының аясында, КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің түлегі, з.ғ.д., доцент, «Заң саласындағы жыл доценті» атағының лауреаты Болатбек Шнарбаев бейне дәрісін дайындапты. Болатбек Шнарбаев - қылмыстық іс жүргізу, құқық мәселелері бойынша 130-дан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы, бірқатар заң жобаларын жасаушыБұл дәріс Қостанай мемлекеттік университетінің «Заң» мамандығының студенттері мен оқытушылары үшін пайдалы болды деп ойлаймыз.  

Ғылым апталығы аясында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы «Ғылыми жобаларды іске асырудың тиімділігі» тақырыбында вебинар өткіздіОсы кафедраның көптеген қызметкерлері мен магистранттары, докторанттары университеттің құрметті профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Досқали Наймановтың ғылыми мектебінің мүшелері мен түлектері.

Қабылдау комиссиясы