Байқау Eurasia Group және Eurasia Education ұйымдарының қатысуымен өтті.
Финалистер қатарында университет намысын қорғаған студенттер:
Байқаудың финалдық кезеңіне қатысу білім алушылар үшін өздерінің кәсіби даярлық деңгейін көрсетуге, аграрлық салаға деген қызығушылығын танытуға және саланың цифрлық трансформациясына бейімділігін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай бастамалар студенттердің тәжірибеге бағытталған құзыреттерін, командалық жұмыс, коммуникация және көшбасшылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Университет үшін студенттердің осындай байқауларға қатысуы ерекше маңызға ие. Бұл аграрлық бағыттар бойынша кадрлар даярлаудың өзектілігін айқындап қана қоймай, білім алушылардың кәсіби өсуіне, сала өкілдерімен байланыс орнатуына және болашақ мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуіне жол ашады.
Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға жаңа жетістіктер, кәсіби табыс пен биік белестер тілейміз.



