Baitursynuly University ұлттық валюта күніне орай студенттер арасында экономика және қаржы кафедрасы ұйымдастырған «Қараша оқулары– 2024» ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға кафедра студенттері мен магистранттары қатысты.
Экономика және құқық факультетінің деканы Айдар Байкин өз сөзінде экономикалық процестерді зерттеудің және ұлттық валютаның елдің экономикалық дамуындағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Конференцияға қатысушылар экономика және қаржының өзекті мәселелері бойынша баяндамалар ұсынды. Оларды кафедраның тәжірибелі оқытушыларынан құрылған әділқазылар алқасы бағалады.
Конференция нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, ал баяндамашылар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар алды.
Ұйымдастырушылар қатысушылар мен олардың жетекшілеріне белсенді қатысқандары үшін және ғылыми әлеуетті дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді!