object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 09:06:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

UnWaste қатысушыларына арналған семинар және UXiship жобасы

Қостанай өңірлік университетінде Эразмус+ жобасының UnWaste және UXiship жобалары аясындағы семинардың екінші блогы басталды.

Университетімізге «Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларында (UXiship) пәнаралық модульдік курстар көмегімен стартаптарды дамытуда АКТ мамандықтары студенттерінің құзыреттерін белсендіру» жобасы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің (Ақтау қ.) және Алматы Менеджмент Университетінің оқытушылары мен студенттері тағылымдамадан өтуге келді.

А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының оқытушылары өңірлік Smart-орталығымен бірлесіп, «Ашық университет тұжырымдамасы: стартаптарды іске асыру және жұмыс істеп тұрған жастар бизнесін дамыту үшін акселерация және тәлімгерлік» бағыты бойынша оқу-тәжірибелік сабақтарын өткізеді.

Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындарының, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушылары мен студенттері ««Қалдықтарды басқару» (UnWaste) магистрлік бағдарламасын әзірлеу және енгізу арқылы серіктес елдерде айналмалы экономиканы ілгерілету» жобасы аясында ҚӨУ-не ат басын тірейді.

Өз кезегінде биология, экология және химия, өңдеу технологиясы және стандарттау, бухгалтерлік есеп және басқару, машина жасау, трактор және автомобильдер кафедраларының оқытушылары семинарға қатысушыларға «Тұрақтылық және қалдықтарды басқару» бағыты бойынша шеберлік сабақтарын, пікірсайыстарды, өндірістегі кәсіби мамандармен кездесу ұйымдастырады, сондай-ақ жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін басқа да нысандарды біріктіреді, яғни бірегей курстар ұсынады. Семинар қонақтары облыстың бірқатар ірі инновациялық кәсіпорындарында – Аллюр автомобиль зауытында және «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-да болады.

Семинарлар жұмысы 2-6 мамыр аралығында университет қабырғасында, ал 8-12 мамыр аралығында бейнеконференция режимінде жалғасады.

Жобалар Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады.


Қабылдау комиссиясы