object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 06:01:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

BU ҒАЛЫМЫ «500 ҒАЛЫМ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ

BAITURSYNULY UNIVERSITY-дің бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Айдар Байкин Каунас қаласындағы Ұлы Витаутус Литва университетінде тағылымдамадан өтуде. 2023 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылғы 1 ақпанға дейін, 6 ай бойы қостанайлық ғалым дөңгелек экономика тақырыбында жұмыс істейтін болады.

Тағылымдамадан «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырған «500 ғалым» бағдарламасы бойынша өтуде. Осы бағдарламаның арқасында жыл сайын 2025 жылға дейін мемлекет шетелдік университеттерде, зерттеу орталықтарында және басқа да ғылыми мекемелерде ғылыми тағылымдамадан өту үшін қазақстандық зерттеуші ғалымдарға 500 стипендия бөліп отырады. Тағылымдаманың ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейін созылады.

Ғалым ретінде Айдар Байкин «Дөңгелек экономиканы дамыту стратегиясын қалыптастыру» тақырыбында жұмыс істеуде. Ол өз зерттеулерін Литва университетінің биоэкономиканы дамыту факультетінде экономика ғылымдарының докторы, профессор, еуропалық биоэкономика одағының сарапшысы Влада Витунскенмен бірге жүргізуде.

Тағылымдамадан өту барысында А. Байкин ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналға 4 мақаласын жариялады, Ұлы Витаутус университетінде де, Еуропаның басқа да жетекші жоғары оқу орындарында өткізілетін конференцияларға, сонымен қатар циркулярлық экономика саласының жетекші мамандары мен Литваның ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін семинарларға белсенді қатысуда.

2023 жылдың басынан бастап BAITURSYNULY UNIVERSITY-дің 13 ғалымы «500 ғалым» жобасы аясында халықаралық тағылымдамаға конкурстық іріктеуден өтті.

 

Қабылдау комиссиясы