object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:20:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ ҒАЛЫМДАРЫ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ КОНКУРСЫНАН ӨТТІ

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша екінші лектегі конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысы шығарылды. «500 ғалым» жобасы Қазақстанның түрлі қалаларындағы ғалымдарға әлемнің үздік ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Тағылымдама инженерия, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, медицина, өнер, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларында 134 мамандық бойынша көзделеді. Ол толығымен республикалық бюджет есебінен төленеді және 3 айдан 12 айға дейін созылады.

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің ғалымдары осы байқауға белсенді қатысуда. Университеттің бес ғалымы осы грант иегерлерінің тізіміне енді және келесі жылы Қазақстаннан тыс жерлерде өз зерттеулерін жүргізе бастайды. Индира Айтжанова мен Нұрлан Кауменов Литвада денсаулық ғылымдары университетінде тағылымдамадан өтеді, Анзор Саидов Қазан ұлттық техникалық зерттеу университетіне барады. Н.Туполева, Мира Мұратқызы және Ақжан Алтыбаева Түрік Эге университетінде тағылымдамадан өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін университеттің 8 ғалымы «500 ғалым» жобасы аясында халықаралық тағылымдамаға конкурстық іріктеуден өткен болатын.

Қабылдау комиссиясы