object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 05:58:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

BU ғалымдары «Қазақстан тарихы» бойынша жеті томдық басылымға үлес қосуда

Өздеріңізге белгілі, Президенттің бастамасымен Қазақстанның жаңа академиялық 7 томдық тарихын жазу бойынша жұмыс жүргізілуде, оған еліміздің 250-ден астам ғалымы жұмылған.  Олардың қатарында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары бар. Тарихшылар бұл басылымның бесінші томына енгізілген кейбір мәселелермен айналысуда.

Оған Қазақстанның Ресей империясы құрамына кірген XVIII ғасырдан XX ғасыр басындағы тарихи материалдар кіреді.

Атап айтқанда, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айбек Шалғымбеков өткір пікірталас тудырған тақырыптардың бірі – XVIII ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың алғашқы үштен бір бөлігіндегі Дала аймағын әскери отарлау тарихын әзірлеу үстінде. Қазірдің өзінде ғалым іргелі құжаттарға сүйене отырып, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Ресей Федерациясының Әскери-теңіз флоты мұрағатынан, Орынбор мен Омбы мұрағаттарынан көптеген дәйекті дереккөздерді тартып, оларды алғаш рет ғылыми айналымға енгізіп отыр.

Тағы бір қостанайлық ғалым Өтеген Исенов Ресей империясының қазақ тархандары институтын жандандыру мақсаттары туралы бөлім әзірледі. Мұрағат материалдарының ауқымды әрі бытыраңқы көлемін зерттей отырып, ол 50-ден астам патриоттық көзқарастағы қазақ тархандарының жеке деректерін, шығу тегі мен қоғамдық-саяси қызметін нақтылай түскен.

Ғылыми зерттеулер барысында Ө.Исенов пен А.Шалғымбеков Қазақстан мен Ресейдің архивтері мен кітапханаларында, қолжазба және картографиялық қорларда жұмыс істеді, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты, зерттеу нәтижелерін ғылыми журналдарда және ұжымдық монографияларда жариялады, ғылыми экспедицияларға шықты. Олар әзірлеген тақырыптар Қазақстанда, Ресейде және Ұлыбританияда рецензиялаудан сәтті өтті.

Қабылдау комиссиясы