Іс-шара Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен және Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейімен, сондай-ақ Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференция дәстүрлі ғылыми алаңға айналып, бұған дейін еліміздің ірі қалалары, Астана мен Алматыда өткізіліп келді.
Биыл алғаш рет қатысушыларды қабылдау құрметі Қостанай өңірлік университетіне бұйырды.
Конференцияның ашылуында Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Әсемгүл Қасенова құттықтау сөз сөйледі.
Ол Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесінің өзектілігін атап өтті.
Ғалымның айтуынша, мұндай ғылыми кездесулер студенттер үшін ғылымға жол ашып, тарихқа деген қызығушылықты арттырады.
Қонақтарды сондай-ақ ҚӨУ-нің зерттеулер, инновациялар және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарлығасов қарсы алып, университет туралы ақпаратпен бөлісіп, тарихы мен даму жоспарлары туралы баяндады.
«Ақынжанов оқуларының» географиясы жыл сайын кеңейіп келеді.
Биылғы конференцияға АҚШ, Ресей және Әзірбайжан сияқты елдерден студенттер мен жас ғалымдар қатысуда.
Сонымен қатар Қазақстанның музейлері мен қорықтарының қызметкерлері де ғылыми диалогқа қосылды.
Конференция жұмысы төрт негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған:
Бағдарламада ғылыми секциялармен қатар тәжірибеге бағытталған іс-шаралар да қарастырылған.
Қатысушыларды шеберлік сабақтары, экскурсиялар және ғылымға құштар, дарынды студенттер мен ғалымдармен кездесу күтуде.














