object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-18 15:19:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Зоотехния саласындағы дәстүр мен инновациялар

Baitursynuly University-де ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Муслимовты еске алуға арналған «Қазіргі заманның зоотехния мәселелері» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қазақстан мен Ресейдегі зоотехния саласындағы жетекші ғалымдар, оқытушылар мен сарапшылар конференция жұмысына белсене қатысты. Т.С.Мальцев атындағы Курган мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының делегациясы ҚӨУ-ге келді. Ал Солтүстік-Кавказ Федералды ғылыми-аграрлық орталығының геномдық селекция және репродуктивтік криобиология зертханасының ғылыми қызметкерлері онлайн режимде қатысты.

Конференцияның ерекше қонағы - Бақытжан Муслимовтың жиені Азамат Шалмағамбетов болды. Ол қарапайым оқытушыдан ауылшаруашылығы институтының директоры деңгейіне дейін жеткен талантты педагог әрі ғалым туралы естеліктерімен бөлісіп, ғылымға қосқан зор үлесі туралы сөз қозғады.

Іс-шара барысында қатысушылар ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін генетикалық және экспорттық әлеует арқылы арттыру, селекциялық-племендік әдістерді жетілдіру, тиімді қоректендіру, күтіп ұстау, аурулардың алдын алу және емдеу әдістерін қолдану мәселелерін талқылады.

Қабылдау комиссиясы