Әлемге әйгілі ғалым Baitursynuly University студенттері мен оқытушыларына Қазақстандағы құстарды зерттеу мен сақтауға арналған дәріс оқыды.
Тодд Катцнер – Айдахо штатының Бойс қаласындағы Снейк-Ривер далалық станциясы АҚШ Геологиялық қызметінің америкалық жабайы табиғат зерттеуші биологы.
Экология, табиғатты қорғау биологиясы саласында 30 жылдан астам жұмыс істейді.
Соңғы жылдары ғалым биоалуантүрлілікті сақтаудың қазақстандық қауымдастығымен (АСБК) белсенді ынтымақтастықта, ол ҚӨУ Ө.Сұлтанғазин педагогикалық институт қабырғасында кездесудің бастамашысы болды.
Тодд Катцнер Науырзым қорығына бару үшін Қостанай облысына келді. Айтпақшы, жыртқыш құстардың ұшу-қону жолдарын зерттеу үшін 20 жылдан астам уақыт бұрын ол аймағымыздың көрікті орындарында болды.
Биологтың дәрісі тыңдаушыларға зор әсер етті, өйткені олардың көпшілігі орнитология саласындағы зерттеулермен де айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы ҚӨУ-дің үш студенті АСБК маманымен бірге ҚР Қызыл кітабына енгізілген тарғақтарды сақтау бойынша далалық зерттеулерге қатысты.