object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 05:46:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

СҰЛТАНҒАЗИН ОҚУЛАРЫ-2023

Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтта «Қазіргі білім беруді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында «Сұлтанғазин оқулары-2023» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның негізгі бағыттары бойынша 107 жұмыс келіп түсті. Бағыттар:

1) Физика-математикалық білім берудің өзекті мәселелері;

2) Жаратылыстану ғылыми білім берудің мәселелері мен перспективалары;

3) Қоғамды, өндірісті және білім беруді ақпараттандыру: қазіргі тенденциялар мен технологиялар;

4) Жалпы және кәсіптік білім берудің психологиялық-педагогикалық аспектілері.

Конференцияны университетіміздің Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жеңіс Жарлығасов бастап берді.

Пленарлық отырыста педагогика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Тиыштық Хакимова «Академик Ө.Сұлтангазиннің өмірбаяны мен С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіндегі еңбек жолы» атты баяндамасын ұсынды. Тарих ғылымдарының кандидаты, «Мәскеу политехникалық университеті» Федералды мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесінің доценті Ляйля Хуснутдинова қазіргі қоғамдағы өскелең ұрпақтың мәдениеті мен рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жайында әңгіме өрбітті. Ал А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а., физика-математика ғылымдарының кандидаты Берик Демисенов шексіз шамаларды талдаудың негіздемесі туралы айтты. Қостанай қаласының №22 жалпы білім беретін мектебінің математика мұғалімі, педагогика магистрі Наталья Станогина «Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.

Мұғалімдердің, магистранттар мен студенттердің сөз сөйлеуі орта, орта-арнайы, қосымша және жоғары білім беру мәселелерінің кең спектрін қамтыды.

Қабылдау комиссиясы