object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 14:10:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Baitursynuly University студенттері халықаралық конференцияға қатысты

Baitursynuly University студенттері Ә.Марғұлан атындағы Археология институты базасында өткен «Ақынжанов оқулары» атты жас ғалымдардың халықаралық конференциясынан оралуда.
Ауқымды шарадан алған әсерлері туралы студенттер тікелей пойызда бөлісті.

«Ақынжанов оқулары» - жаңадан бастаған археологтар үшін тәжірибе алмасу және мүдделес жандарды табу алаңы.

Конференцияға тек ғана еліміздің емес, Қырғызстан, Ресей және Әзірбайжан елдерінен келген делегациялар қатысты. Конференция жұмысының басты жаңалықтарының бірі «Ақынжан оқулары» конференциясының ресми сайтының тұсауы кесілді. Алаң археологияның әртүрлі бағытында жүрген ең перспективалы жас ғалымдар мен зерттеушілердің басын қосты.

Андрей Логвин мен Ирина Шевнина бастаған Baitursynuly University археологиялық үйірмесінің қатысушылары Торғай археологиясы бойынша баяндамалар дайындап, конференцияға белсенді атсалысты.

Камилла Жақыпова, Мәдина Нұрғалиева, Галина Скорая, Демьян Полежаев, Даниил Тұйықов, Мирас Урстемов және Нұртай Төленбаев жоғары оқу орнымыздың атын абыроймен қорғады.

Конференцияға қатысудан басқа, студенттер «Шарын» ұлттық табиғи паркіне саяхат жасап, Оңтүстік астананың сұлулығын тамашалады.

Қабылдау комиссиясы