Практикалық лингвистика кафедрасы Қазақстанның, Ресей және Беларусь елдерінің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарының қатысуымен «Әлемді тіл арқылы тану: ел, тарих, мәдениет» атты VIII халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Іс-шараның модераторлары – кафедраның аға оқытушылары Айкүміс Әбдібекова және Олеся Коваль.
Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-тәжірибелік зерттеулерінің нәтижелерін талқылау, пікір алмасу және жастарды ғылымға тарту. Конференцияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тіл мен мәдениеттің байланысы, қоғамның әлеуметтік-саяси мәселелері, білім, ғылым және мәдениет саласындағы жаңа аспектілер туралы баяндамалар тыңдалды. Студенттер конференцияға жауапкершілікпен дайындалыпты, тақырыпты ашуға тырысқан, жан-жақты дайындалған, бұл оларға пікірталас барысында оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына толық жауап беруге мүмкіндік берді.