А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің ғылым апталығы аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының психология кафедрасы «Студенттік психологиялық оқулар: ғылымнан тәжірибеге» атты іс-шара өткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны өткізудегі басты мақсат – өзекті психологиялық мәселелерді зерттеу арқылы студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Конференцияның спикерлері психология кафедрасының профессорлары: Лилия Саркисян және Анна Клименко, кафедра меңгерушісі, доцент Лазат Ордабаева, қауымдастырылған профессор Ирина Пархоменко, аға оқытушылар Олеся Елчищева, Гүлнара Сатқанғұлова, Роза Жанғалиева, Аина Рахматулина, Нұргүл Әубәкірова, кафедраның лаборанты Айжан Желкунбаева. Сондай-ақ қазақ және орыс бөлімдерінің «Психология» мамандығының 4 курс студенттері.
Кездесу барысында психология мамандығының студенттері қазіргі мектеп оқушыларының психикалық денсаулығының өзекті мәселелерін, тұрғылықты жердің Қазақстан тұрғындарының этникалық сәйкестігінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне әсері, педагогикалық мамандықтардың студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, психолог студенттердің АИТВ-статусы оң адамдармен жұмыс істеуге психологиялық дайындығы, волонтерлік қызметпен айналысатын студенттер арасында әлеуметтік-қоғамдық құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың психологиялық ерекшеліктері сияқты мәселелер қарастырылды. Мұндай оқуларға қатысу арқылы студенттер ғылыми зерттеу атмосферасын толығымен сезінеді, психология саласындағы эксперименттік және теориялық зерттеулердің нәтижелерімен бөлісе алды.