Baitursynuly University-де «АЭС-тің жаһандық энергетикалық жүйедегі экономикалық артықшылықтары» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қостанай облысының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.
Қонақтарды ҚӨУ ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ қарсы алды:
- Өздеріңіз білетіндей, 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанда АЭС салу мәселесі маңызды кезең болып атап өтілді. Ол көптен бері талқыланып келеді. Бұл елімізде жыл сайын электр энергиясына деген қажеттіліктің артуымен байланысты. Біз электр энергиясының бір бөлігін көршілес мемлекеттерден сатып алуға мәжбүрміз. Атом электр станциясын салу электр энергиясының тапшылығын шешуге көмектеседі.
Мәселе Baitursynuly University және басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары тарапынан әр түрлі тұрғыдан қарастырылды. Атом электр станцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, басқа елдердің тәжірибесі, Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары, оның экономикалық және экологиялық артықшылықтары туралы айтылды.
Еске салайық, 6 қазанда Қазақстанда референдум өтеді, оның барысында қазақстандықтар Қазақстанда атом электр станциясын салуға дауыс бере алады.