ХАЛЫҚАРАЛЫҚ формат
Сапардың мақсаты – «Электр жүйелерін талдау мен модельдеуді COIL-мен интеграциялау» ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру.
Тағылымдама барысында Словакияның электр энергиясын тарату жүйесінде зияткерлік технологияларды қолдану тәжірибесі мен принциптеріне талдау жасау жоспарда бар, сондай-ақ оларды Қазақстанның энергетикалық секторына енгізу мүмкіндігін бағалайды.
Сонымен қатар, Светлана Викторовна Жилин университетінің электроэнергетика және ақпараттық технологиялар факультетінде студенттерге сабақ береді. Жалпы, тағылымдама ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған.
ЖИ ЭНЕРГИЯСЫ
Бес ай бойы халықаралық әріптестермен бірлесіп электр энергиясы жүйелерінің жұмыс режимдерін модельдеу және инженерлік мәселелерді шешу мақсатына жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндігі бойынша оқыту курсы әзірленеді.
Курс Baitursynuly University және Жилин университетінің студенттеріне, бакалаврлар мен магистранттарына арналады.
Естеріңізге сала кетейік, COIL (Collaborative Online International Learning) – жобаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін әртүрлі елдердің студенттері мен оқытушыларын біріктіретін интерактивті халықаралық онлайн оқыту үлгісі.
Цифрландыру және жасанды интеллект бүгінде барлық салаларда өзекті, бұл тұста электроэнергетика саласы да шет қалмады. Немістің Siemens компаниясы Словакияның электр қуаты жүйесіне цифрлық егіз технологиясын енгізді.
Цифрлық егіз – нақты уақыт режимінде сенсорлардың деректері негізінде жұмыс істейтін нақты объектілердің (жылу электр станциялары, электр желілері, жабдықтардың) динамикалық виртуалды үлгісі.
Бұл жұмыс режимдерін модельдеуге, ақауларды болжауға, құрылғы жұмысын оңтайландыруға және жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, қуат жүйелеріне сенімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
АЙМАҚҚА қажет
- Цифрлық егіз технологиясы Қазақстанда әлі даму сатысында, бірақ жақын арада дәл осындай жаңашылдықтар бізде де енгізілетін болады. Біздің міндетіміз – студенттерді жаңа тәсілдер мен технологияларға дайындау.
Тағылымдама аясында әзірленетін курс университет түлектеріне қазіргі уақытта энергетика саласында белсенді түрде енгізіліп жатқан заманауи технологияларға бейімделуге көмектеседі,-деп атап өтті Светлана Ибрагимова.
Педагогтың сөзіне сүйенсек, аймақтың қарқынды дамуына байланысты Қостанай облысының энергия жүйесінде қуат тапшылығы сезіледі, бұл жағдайда баламалы қуат көздерін дамыту өте өзекті.
Бүгіннің өзінде Заречный ауылының маңында Тобыл қаласы мен Заречныйды ішінара электр қуатымен қамтамасыз ететін жел электр станциясы жұмыс істеп тұр.
2029 жылдың қазан айына дейін қуаттылығы 1000 МВт болатын тағы бір электр станциясының құрылысы жоспарда.
Бұл жағдайда цифрлық егіз өңірдің электр тарату желісінің жұмыс режиміне жаңартылатын энергия көздерінің әсерін бағалауға және жүйедегі ықтимал өзгерістердің уақтылы және нақты болжамдарын жасауға мүмкіндік береді.
ҒЫЛЫМИ көзқарас
- Біз қазір «Инженерлік мақсаттарға арналған ЖИ» саласын белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – жасанды интеллект қаншалықты дәл болжам жасай алатынын және қай жерде қателік жіберетінін түсіну.
Біз ЖИ-ға нақты және дұрыс тапсырма беруді үйренудеміз.
Мысалы, электр қуатының жоғалуын есептеу кезінде ЖИ дәл нәтиже бере алмады.
Себебі – бірқатар нюанстарды ескермейтін жеңілдетілген формулаларды қолдануы. Мұндай жағдайларда біз қажетті түзетулерді өзіміз енгіземіз.
Біздің МАҚТАНШЫМЫЗ
Айта кету керек, Светлана Ибрагимованың айтарлықтай ғылыми жетістіктері бар.
2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде тағылымдамадан өтіп, онда Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрісін тыңдады.
Сондай-ақ, «Шеврон» компаниясының ІІІ Республикалық инновациялық жобалар байқауының жүлдегері және Алматы қаласы әкімдігінің ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.
Сонымен қатар, Светлана Викторовна ауылшаруашылық қалдықтарынан белсендірілген көмір өндіру технологиясын зерттеп жатыр.
Қазір бизнес-серіктес іздеу үстінде, өйткені гранттық қаржыландыруға өтінім беру үшін бизнестің қатысуы қажет.
- Таза сумен қамтамасыз ету мәселесі жаһандық сипатқа ие болғандықтан, белсендірілген көмір өндірудің өзектілігі жоғары. Менің өндіріс әдісімнің тағы бір артықшылығы – химиялық қалдық қалдырмайды», - дейді ғалым.
ҚАЖЕТ мамандықтарға ОҚЫТАМЫЗ
Педагог бүгінгі таңда еңбек нарығында инженер мамандарға сұраныс жоғары екенін айтады.
Электроэнергетика саласы қарқынды дамып келеді, сондықтан біздің студенттер университет бітірмей жатып жұмыс орындарынан ұсыныс алып жатады.
Өткен жылдардың көптеген түлектері инженерлік қызметте табысты еңбек етуде.
Бір сөзбен айтқанда, бұл болашағы зор бағыт.
2026-жылдың талапкерлеріне құлаққағыс.
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
- Қостанай қ., Тәуелсіздік 118, 130 каб.
- Электрондық поштасы: talapker@ksu.edu.kz
- Instagram @kru_kst_priyem
- Telegram-bot @Talapker_KRU_AB_bot
- 8 (7142) 54-28-49
- WhatsApp +7-775-155-04-00 +7-707-815-78-22 +7-777-391-91-77


