object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 20:35:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

БОЛГАРИЯДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының оқытушылары, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері Гаухар Баубекова, Чингис Тауакелов және Севара Дарибаева Болгария Республикасындағы София қаласының Орман-техникалық университетінде «Қоршаған орта экологиясы. Метереология» бағыты бойынша «500 ғалым» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуде. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты анализдің физика-химиялық әдістерін пайдалана отырып, қоршаған орта объектілерін зерттеу бойынша шетелдік тәжірибені зерделеу болып табылады. Тағылымдама шеңберінде стипендиаттар оқытуды келесі кезеңдер бойынша жүзеге асыруда: теория, практика, зертханалық талдаулар. Оқытушылар «Ауа мониторингінің ұлттық жүйесі» бағыты бойынша Орман-техникалық университетінің профессоры, PhD докторы М.Дончева-Боневамен жұмыс жасауда.

Қазіргі кезде стипендиаттар доцент С. Домянованың жетекшілігімен далалық тәжірибеден өтуде. Далалық тәжірибенің бірінші кезеңі ландшафттың әртүрлі учаскелеріне (орман, гидрографиялық, карст, антропогендік), өнеркәсіптерге баруды; табиғи су көздерінің сынамаларын алу және су сапасының кейбір көрсеткіштерін анықтауды (жалпы оттегімен қанығу, электр өткізгіштік, температура және сутегі көрсеткіші (рН)) қамтиды.

Әріптестерімізге ғылыми тағылымдама мақсаты мен міндеттерінің табысты орындалуын тілейміз.

Қабылдау комиссиясы