object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 22:08:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БОЛГАРИЯДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА СӘТТІ ӨТТІ

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасының оқытушылары Гаухар Баубекова, Севара Дарибаева, Шыңғыс Тауакелов «Болашақ» халықаралық стипендиаттық бағдарламасының «500 Ғалым» жобасы бойынша Болгария Республикасы, София қаласындағы Орманшаруашылық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап қостанайлық ғалымдар «қоршаған орта объектілерін химиялық-физикалық зерттеу» тақырыбында жұмыс істеді.

Ғылыми тағылымдаманың бағдарламасы аясында кафедра оқытушылары шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, Орманшаруашылық университетінің  студенттерімен өткізілетін дала практикасына қатысты. Дала практикасында қоршаған орта объектілерінің сынамалары екі аймақтан (Бързия - ормандағы жаңбыр және Лом өзені сулары, Юндула - А және В горизонттарынан топырақ үлгілері)  алынып, олармен келесі лабораториялық зерттеулер жүргізілді: топырақ құрамындағы жалпы азотты анықтау (нитрат-, аммоний-иондары түрінде), топырақ құрамындағы калийді (K2O), фосфорды (P2O5) Атомдық-адсорбциялық спектроскопия әдісімен анықтау, су құрамындағы жалпы азотты анықтау (нитрат-, аммоний-иондары түрінде), ауа құрамындағы ластағыштарды (NO2, SO2, H2S және т.б.) анықтау.

Тағылымдама барысында Орманшаруашылық университетінің ғылыми зертханаларында қолданылатын қоршаған орта объектілерін зерттеу әдістері меңгерілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері өңделіп, «The relationship of atmospheric pollutants and meteorological variables for the Sofia region, Bulgaria», «Study of Soils in Mountain Ecosystems in Bulgaria» атты мақалалар түрінде дайындалды және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялануға қабылданды.

 

Қабылдау комиссиясы