object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 07:52:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

SAGRIS жобасы аясында докторантураны жетілдіру

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Erasmus + SAGRIS – «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақтың агрожүйелері саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» халықаралық жобасына 2020 жылдың 15 қаңтарына бастап қосылды, ал 2023 жылдың 14 қаңтарында жоба ресми түрде аяқталды. Алайда, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру және алынған нәтижелердің тұрақтылығын сақтап қалу бойынша жұмыс жалғасуда.

Жоба халықаралық сапа стандарттарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы мәселелерді шешуге және тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақ агрожүйелер саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталған.

Жобаның мақсаттарының бірі - жобаның серіктес университеттерінде докторантураны жетілдіру бойынша стратегиялық құжатты әзірлеу.

Осыған байланысты «Үшінші цикл бойынша білім берудің желілік ынтымақтастығы» жұмыс тобының мүшелері «ҚӨУ-де докторантураны жетілдірудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірледі.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде халықаралық топ әзірлеген материалдарды пайдалану докторантура бағдарламаларының сапасын арттырады деп күтілуде.

Сонымен қатар, SAGRIS жобасы барысында алынған университеттер арасындағы жеке және ресми байланыстар тағылымдамадан өту, докторанттардың бірлескен мақалалары және шетелдік ғылыми кеңесшілерді тарту сияқты оқу процесінің аспектілерін одан әрі дамытуға әсер етуі мүмкін.

Жоба үйлестірушісі, PhD докторы – Индира Айтжанова университеттің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында баяндама жасады, онда ҚӨУ-де докторантураны жетілдірудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Қабылдау комиссиясы