object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 06:07:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Бірегей флораны сақтай жүріп

Baitursynuly University студенті Елизавета МАЛЬЦЕВА мен оның жетекшісі, ҚӨУ биология, экология және химия кафедрасының профессоры Гүлнар СҰЛТАНҒАЗИНАНЫҢ жобасы сирек кездесетін өсімдіктерді жойылып кетуден құтқаруға көмектеседі.

Жоба авторлары мемлекеттік ботаникалық табиғи ескерткіштердің бірі –  Каменное озеро сайының флорасын зерттеді.

 «Биология» білім беру бағдарламасының студенті және профессор жоғары тамырлы өсімдіктердің бүгінгі күнгі түрлі құрамын талдап, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жойылып бара жатқан түрлерін анықтады.

Аталған зерттеулер негізінде Қостанай облысының флористикалық байлығын қорғаудың ғылымға  негізделген шараларын әзірлеуге болады.

Біз Елизавета мен Гүлнар Жалелқызын лайықты жүлделі орын алуымен құттықтай отырып, әлі талай ғылыми жетістіктерге жетуілеріне тілектеспіз!

Қабылдау комиссиясы