Baitursynuly University студенттері агроинженерия бойынша өткен XVII республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті.
Сайыс 22-23 сәуір аралығында Көкшетау қаласындағы Ualikhanov University базасында өтті.
«Агроинженерия» білім беру бағдарламасы бойынша еліміздің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары жарысты.
Олимпиадаға ҚӨУ атынан аграрлық техника және көлік кафедрасы «Аграрлық техника және технология» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері қатысты.
Команда құрамында:
PhD докторы, ҚӨУ-дің аграрлық техника және көлік кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Евгений Золотухиннің жетекшілігімен команда өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Олимпиада нәтижесінде Бексултан Баймурзин жүлделі 2-орынды иеленді.
Студенттер мен олардың жетекшісі диплом және алғыс хаттармен марапатталды.
Студенттер мен кафедра оқытушыларын жеңіспен құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз!