Осы аптада Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 12 сәуір – Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлері күніне арналған «Филологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар өтті. Модераторы – ф.ғ.к., әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы профессорының м.а. Алма Досова.
Семинар жұмысына А..Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері және оқытушылары қатысты. Іс-шараны өткізудегі мақсат – жастарды филология саласындағы жетістіктерді талдап, саралауға бағыттау және қазіргі білім парадигмасындағы лингвистикалық ғылыми-тұжырымдар, жаңалықтарды басшылыққа ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.
Семинарда «Қазіргі түркі халықтары және олардың тілдері», «Тіл және психологизм», «Жаңа білім беру мазмұнында тілдерді оқытудың жолдары», «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы» сияқты тақырыптар қозғалды.