Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасында «География және туризм дамуының өзекті сұрақтары» тақырыбымен дөңгелек стол форматында ғылыми семинар өтті, онда география және туризм дамуының, олардың қазіргі уақыттағы жағдайы мен мәселелерінің өзекті сұрақтары талқыланды.
Семинар жұмысына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің шақыртуымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасы бойынша, PhD, Улудаг университетінің профессоры (Бурса, Түркия), түрік ғалымы Эмин Атасой қатысты.
Тыңдаушылар арасында стейкхолдерлер мен география БББ студенттері шақырылды. Ғалым географияны зерттеудегі тәжірибесімен және жеке көзқарасымен бөлісті, осылайша семинарға қатысушыларды практикалық тәжірибе арқылы географияны зерттеуге ынталандырды. Өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауда география мен туризмді одан әрі зерделеуде және оларды кәсіби қызметте жүзеге асыруда қызықты зерттеу бағыттарын берді.