object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:31:49.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған семинар

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында «2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттамасын талдау» тақырыбында семинар өтті. Оған университеттің магистранттары, докторанттары, сондай-ақ жас ғалымдары қатысты.

ҚБҒЗИ-ның ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының оқытушысы, 2022 жылы «Жас ғалым» жобасының жеңімпазы Павел Шевченко және жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Ақбидаш Абдиркенова семинардың модераторлары болды.

Семинар барысында жобаның басым бағыттары, сондай-ақ ғылыми қызмет талқыланды. Конкурстық құжаттаманың әрбір тармағына назар аударылып, құжаттарды жинау, өңдеу және тапсыру үрдісі қарастырылды.

Университеттің жас ғалымдар кеңесі семинар өткізгені және жас ғалымдарға арналған конкурстық құжаттаманы кезең-кезеңімен түсіндіргені үшін Павел Викторовичке алғысын білдірді.

Қабылдау комиссиясы