object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-22 15:01:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттамасын талдау» тақырыбында семинар өтті. Оған университеттің магистранттары, докторанттары, сондай-ақ жас ғалымдары қатысты.

Семинардың модераторы ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының магистрі, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының оқытушысы, 2022 жылғы «Жас ғалым» жобасының жеңімпазы Павел Шевченко және жас ғалымдардың төрағасы Ақбидаш Әбдіркенова болды.

Семинар барысында жоба үшін басым бағыттар, сондай-ақ ғылыми қызмет талқыланды. Конкурстық құжаттаманың әрбір тармағына құжаттарды жинау, өңдеу және тапсыруға үлкен көңіл бөлінді.

Біздің университеттің жас ғалымдары алдағы конкурстар, конкурстық құжаттаманы дайындау бойынша толық ақпарат алды. Нәтижесінде 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа келесі жұмыстар тапсырылды:

Қабылдау комиссиясы