object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 22:05:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ИННОВА-2024

Бүгін  А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ - де жыл сайынғы «Иннова-2024» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Биыл ол «ҚР жоғары білім берудің басым бағыттары» тақырыбына арналды.

Пленарлық отырыс барысында еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау жүйесі, Northwest Agriculture and Forestry University-мен өзара іс-қимыл мысалында ауыл шаруашылығы кадрларын бірлесіп даярлау және машина жасау саласы үшін мамандар даярлаудағы қазіргі заманғы үрдістер туралы мәселелері бойынша өзекті баяндамалар тыңдалды.

Айта кету керек, ҚӨУ-і Қытай университетімен меморандумға қол қойып, келісімдерді жүзеге асыруға кірісті. Атап айтқанда, қос дипломды білім беру негізінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша, студенттер арасында, ең алдымен, магистранттар мен докторанттар туралы осы бағдарлама бойынша оқуға іріктеу жүргізілуде және ҚӨУ базасында Өсімдік шаруашылығы саласына байланысты агроорталық пен бірлескен зертхана ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау мәселесіне келетін болсақ, ҚӨУ мұнда стратегиялық серіктес ретінде әрекет ететінін атап өткен жөн. ЖОО-ы Донг Ый университетімен (Пусан қ., Оңтүстік Корея) ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Ал құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру үшін оқу бағдарламаларына дуальды және тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі енгізілді.

Содан кейін тағы бірнеше талқылаулар өтті. Біріншісіне-заманауи сын-тегеуріндер жағдайында студенттерді даярлау тақырыбындағы отырысқа практикаға жауапты және декандардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Кураторлар мен декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін «Профайлинг білім алушылардың құқыққа қайшы мінез-құлқын тану әдісі ретінде» атты сессиясы өтті. Факультеттер мен институттың әдістемелік комиссияларының төрағаларына, кафедралардағы әдістемелік жұмыстарға жауаптыларға «Білім берудегі инновациялық технологиялар – білім беру жолдарының векторлары» атты сессия өтті. Конференция «Денсаулығы бұзылған студенттермен университет оқытушысының жұмысының ерекшеліктері мен технологиялары» сессиясымен аяқталды.

 

 

Қабылдау комиссиясы