Біздің студенттердің жетістіктер қоржынындағы тағы бір жеңіс – XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында толықтырылды.
Жыл сайын бүкіл Қазақстанның студенттерін біріктіретін олимпиадаға ҚӨУ-дің ветеринарлық санитария кафедрасының студенттері де қатысты.
Биылғы жарыс С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде өтті.⠀
Біздің оқу орнымыздың намысын «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қорғады:
Команда жетекшісі – кафедраның аға оқытушысы Сания Тыштыкбаева.
Нәтижелер қуантты. Индивидуалды тестілеу және ситуациялық тапсырмаларды орындау қорытындысы бойынша Елена Середа 3 орынды иеленіп, қола медальға ие болды. Құттықтаймыз!