object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 00:47:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Болашақ педагог тарихшылар Республикалық олимпиадаға қатысты

2024 жылдың 4-5 сәуірінде Орал қаласында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ елі тарихындағы Жошы ұлысы: мәні мен маңызы» (Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай) атты XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға «6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасы 1-3 курс студенттерінен құралған “Тобыл ойшылы” командасы қатысты.

Команда капитаны - Абылхайр Жанбосын, команда мүшелері: Әміржан Аружан, Сакенов Саттар, Ерболқызы Аруна. “Тобыл ойшылы” командасы “Үздік креативті топ” номинациясымен марапатталды.

Команда капитаны Абылхайыр Жанбосын жеке көрсеткіштері бойынша ІІ – дәрежелі диплом, кубок және “Үздік көшбасшы” номинациясын жеңіп алды. “Педагогикалық шеберлік” турында Әміржан Аружан қорғаған қысқа мерзімді сабақ жоспары барлық командалардың ішінен ең жоғары балл алды. 

Команданы олимпиадаға дайындаған жетекшілері - PhD доктор Р.Ж. Байдалы және Т.А. Еришева Алғыс хатпен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы