object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 20:53:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СҒЗЖ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

2022 жылдың қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізетін В013 «Биология мұғалімдерін даярлау (5В011300/6В01505)» бағыты бойынша дәстүрлі Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауының II кезеңін өткізетін базалық университет. Конкурс комиссиясына биология ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ольга Бородулина жетекшілік етті.

Байқауға еліміздің 11 жетекші университетінен 22 студент пен 16 жетекшінің 20 жұмысы келіп түсті. Ұсынылған жұмыстар биология саласындағы әртүрлі бағыттар мен проблемаларды қозғады.

Ғылыми жұмыстарды бағалау кезінде комиссия жұмыстың ғылыми сипатына, жұмыс әдістерін қолданудың тиімділігіне, зерттеу әдістемесіне, қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкестігін, талдау, тұжырымдардың анықтығына, жұмыстың талаптарға сай ресімделуіне, барлық ілеспе құжаттарының болуына назар аударды.

Конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстарды саралай келе, комиссия мүшелері жеңімпаздарды анықтады:

1-орынды «Түркия мен Қазақстанда өсірілетін Lilium martagon сығындыларының кейбір биологиялық қасиеттерінің салыстырмалы талдауы» баяндамасымен Аида Қыдырбекова (ғылыми жетекшісі – Ақгүл Рахымжанова, Шәкәрім университеті) жеңіп алды.

2 орынды «Ежелгі және қазіргі адамның тіс ұлпасындағы химиялық элементтердің жинақталуының ерекшелігі» тақырыбындағы баяндамасымен Дильназ Базарбаева (жетекшісі – Александра Губайдуллина, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті) және «Ақмола облысындағы арамшөптердің микробқа қарсы белсенділігін зерттеу» баяндамасымен Залина Тугмоева (жетекшісі – Айжан Гибадилова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті) өзара бөлісті.

Ал 3-орын Татьяна Брагинаның (А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ) студенттері Анастасия Менг пен Александр Поповқа бұйырды. Олардың баяндама тақырыптары: «Ұзынкөл аймағының ихтиофаунасы және кәсіптік балық түрлері: материалдар, талдау және зерттеу әдістері» (Александр Попов) және «Artemia sp. Қостанай облысының құнды биологиялық ресурсы ретінде жасанды өсіру және дамуын зерттеу әдістері» (Анастасия Менг).

Сондай-ақ, Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Мәди Әбжанов («Түрлі жастағы білім алушылардың фунционалдық жағдайын зерттеу» ғылыми жетекшісі - Самат Бақыттасов) пен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Қызжібек Дүйсембектің («Ақмола облысы аймағында кездесетін Asteraceae Dumort тұқымдасына жататын өсімдіктерін түрлік құрамы және шаруашылықтағы маңызы» ғылыми жетекшісі - Гүлнар Хамитова) жұмыстары да 3-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы