object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 22:17:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Пандемиядан кейінгі ғылымның дамуы

23 сәуірде ғылым апталығының аясында Қостанай мемлекеттік университеті   «Пандемиядан кейінгі ғылымның дамуы» халықаралық StopCovid-19 онлайн-хакатонын өткізеді. Оған мектеп оқушылары, университет және колледж студенттері қатысып, пандемиямен күрес және коронавирустың зардаптарын жою бойынша технологиялық шешімдерді іздеуге тырысады.

Covid-19 пандемиясы адам өміріндегі жалғыз, тіпті соңғы індет емес. Дегенмен өткен тәжірибеге сүйене отырып, болашақта індеттің таралуын азайтуға болады. Халықаралық хакатонға қатысушылар осы мәселені зерттейтін болады.

Іс-шара өтетін екі күнде қатысушылар бір-бірімен танысып, жетекші спикерлерден дәріс алуға, мамандардың пікірімен танысуға мүмкіндіктері бар. Олар міндеттердің біреуін таңдап, оны шешудің тұжырымдамасын жасауы керек. Әрі қарайқатысушылар мен сарапшылар бір ай ішінде таңдалған мәселені шешу туралы ойланады және 2020 жылдың 25 мамырында, әділ қазылар алқасы шешім қабылдағаннан кейін жеңімпаздар мен жүлде қоры иелерінің есімдері жарияланады. Казань, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының студенттері хакатонға қатысуға өтініш білдірді.

Қатысам деушілерге сілтемені басу арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/pkgU3HovMhRfMtcq7

Telegram чатына мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://t.me/joinchat/FQmoEFUX1lpHmOOYpXkT7w

Барлық кездесулер Cisco Webex Meetings виртуалды кеңсесінде өтеді: https://meetingsemea9.webex.com/meet/kstrsc

Қабылдау комиссиясы