Ғылыми көкжиектерді кеңейту

Baitursynuly University-де «Зоотехнияның заманауи мәселелері» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Мүслімовтың құрметіне ұйымдастырылды.

Ол қазақстандағы мал шаруашылығының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, абырой-беделі ел ішінде ғана емес, алыс-жуыққа да кеңінен танылған тұлға.

«Университетімізде қадірлі меймандарды қарсы алып, профессор Мүслімов қалыптастырған игі дәстүрді жалғап отырғанымыз – біз үшін үлкен қуаныш. Жиналғандардың басым бөлігі оны жақыннан білетін. Ғалымның ғылым жолындағы еңбегі – шынымен де дара, ұлт игілігіне айналған мұра.
Ең бастысы – оның аманатына адал болып, бастаған ісін өрістету, жаңашылдықты енгізу, ғылыми аяны кеңейтіп, жаңа білімге жол ашу», – деді ҚӨУ-дің зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарлығасов.

Конференция онлайн және офлайн форматтарын ұштастыра өтті. Бұл шараға түрлі жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердің және шетелдік әріптестердің өкілдерін бір жерде жинауға жол ашты.

Мәселен, Варминьско-Мазур университетінің (Польша) профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Jan Miciński «Сүтті мал шаруашылығын бағалаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

«MB 4» ЖШС директоры (Айдабол ет комбинаты, Ақмола облысы) Азамат Шалмағамбетов өнеркәсіптік өндірістің сыра/спирт және боен қалдықтарынан құрама жем өндіру бойынша тәжірибелік-эксперименттік учаске ұйымдастыру тақырыбын зерттеді.

Ярославль мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының (Ресей) аға ғылыми қызметкері Александр Тихонов ғылыми ұжыммен бірлесе отырып, «Органикалық заттарды топыраққа дақылдар мен тамыр қалдықтарымен қайтару» тақырыбында баяндама ұсынды.

«Қостанай ветеринариялық ғылыми-зерттеу станциясы» ЖШС ғылыми қызметкері Виталий Ракецкий «Қазіргі заманғы мал шаруашылығындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлі – әлемдік үрдістерге шолу» тақырыбында сөз сөйледі.

ҚӨУ-дің азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының докторанты Досмұхамед Мұратов «Сүт сиырларының рационындағы көп мөлшердегі және концентрацияланған жемдердің тағамдық
құндылығына сақтау мерзімінің әсері» тақырыбын қарастырды.

Баяндамашылар саланың ең өткір мәселелерін сөз етті. Пленарлық бөлімнен соң конференция қатысушылары жұмысты секциялар аясында жалғастырды.

Қабылдау комиссиясы