object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 14:43:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ноқат және сүт туралы

Baitursynuly University студенттері республикалық ғылыми-зерттеу байқауының кезекті жүлделерін алып келді!  

Байқау Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өтті.   

Baitursynuly University «Агрономия» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Станислав ЗАВОРОТНЫЙ байқауға Қостанай облысының оңтүстік қара топырағы ноқаттың өнімділігіне биологиялық препараттардың әсері туралы зерттеуін ұсынды.  

2 орын алған ғылыми жұмысты студентіміз PhD докторы, доцент Әсия АҢСАБАЕВАНЫҢ жетекшілігімен жазды.  

Оңтүстік астанадан «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 5 курс студенті Әліби АҚАНОВ 3-орынмен оралды.  

 Ол «Сиыр сүтін гемолиздік микроорганизмдердің болуына зерттеу» жобасын дайындады.  

Ғылыми жұмыстың жетекшісі – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Раушан РЫЩАНОВА.  

Шәкірттеріміз бен олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз, алдағы уақытта да жетістіктер мен жарқын ғылыми жаңалықтар ашуына тілектеспіз!

Қабылдау комиссиясы