Ұлттық валюта-теңгенің мерейтойына арнап экономика және қаржы кафедрасында студенттік ғылыми – практикалық конференция өтті. Оған экономика және қаржы кафедрасының, сондай-ақ аграрлық техника және көлік кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Сансызбай Жиентаев құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін конференцияға қатысушылар экономика мен қаржының өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады. Іс жүзінде әрбір баяндамадан кейін белсенді талқылау жүргізілді, оның барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылды. Ал кафедраның тәжірибелі оқытушыларынан құралған қазылар алқасы өз шешімін қабылдады.
Барлық қатысушылар грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен олардың басшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.