object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 19:17:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ ОРАЙ...

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де ғылым апталығы басталды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда Ғылым күні 12 сәуірде тойланады және бұл дата Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған.

Апталық «Жастар және ғылым: кеше, бүгін, болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел және ғылыми жұмыстар көрмесімен ашылды.Дөңгелек үстел барысында танымал ғалымдар Аманжол Күзембайұлы, Татьяна Брагина жоғары оқу орындарындағы ғылымның рөлі туралы айтты. Жас ғалымдар атынан Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы PhD доктор Ақбидаш Әбдіркенова мен техника ғылымдарының магистрі, докторант Павел Шевченко сөз сөйледі.

Университетіміздегі ғылымның әлеуеті зор. Оқу ордамызда 16 ғылым докторлары, 135 ғылым кандидаттары, 32 PhD докторалар жұмыс жасайды. Ағымдағы оқу жылында диссертацияларын қорағуға ниет білдірген 3 докторанттың біреуі зерттеу жұмысын ойдағыдай қорғап шықты, қалған екеуі өз кезегін күтуде.

Қостанай өңірлік университетінде ғылымының дамуына барлық жағдай жасалған, ғылыми институттар мен зертханалар бар. Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтында диссертациялық кеңес жұмыс істейді, гранттық, келісімшарттық жобалар да жүзеге асырылады.

Бүгінде іске асырылып жатқан ғылыми жоба саны – 8. Оқу ордамыздың 50-ге жуық ғалымдары мемлекеттің қаржыландыруы есебінен жобаларын дамытуда. Бұл қатарда 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар да бар.

Қабылдау комиссиясы