object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-23 20:17:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ДАЛАЛЫҚ зерттеулер

ҚӨУ-дің жаратылыстану пәндері кафедрасының студенттері Қызыл кітапқа енген сирек және жыртқыш құстарды сақтау бойынша далалық зерттеулерге қатысты.

3-14 мамыр аралығында студенттеріміз Серик Амангельдиев пен Бауржан Дузенов Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы жүзеге асырып жатқан табиғатты қорғау жобасына қатысты.

Жобаның мақсаты – Қызыл кітапқа енген сирек және жойылып кету қаупі төнген жыртқыш құстарды іздеу және тіркеу.

Зерттеу жұмыстары Жамбыл облысы аумағында жүргізілді. Студенттер ҚБСҚ маманы Кудайберген Амирекуловтың жетекшілігімен, сондай-ақ орнитолог-ғалымдар Александр Беляев, Жандос Тауанов және Талгат Кисебаевпен бірге жұмыс істеді.

Студенттер келесі құс түрлерін тіркеді: безгелдек, бұлдырық, отүйрек, ителгі, қарақұс, күйкентай, қарабауыр бұлдырық, шөл қарғасы және т.б.

Біздің жастар ғылыми тәжірибе жинап, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Қабылдау комиссиясы