Олимпиада Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қарағандыда өтті.
Іс-шара Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналды.
Олимпиаданың мақсаты – «Алаш» қайраткерлерінің ғылыми және рухани мұрасын жаңаша пайымдау, олардың отандық ғылым мен білімнің қалыптасуындағы рөлін ашу.
Зияткерлік сайысқа 50-ден астам студент қатысты, жалпы Қазақстан бойынша 70-тен аса өтінім келіп түскен болатын.
Олимпиадада ҚӨУ-дың атынан әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Тарихи» білім беру бағдарламасының студенттері – Дильназ Исмаилова, Перизат Мұса, Аяулым Жұмадаулетова, Диас Ташбаев, Анастасия Китаева және Қайрат Жалғасбай қатысты.
Бірінші турдың қорытындысы бойынша біздің бес студент екінші кезеңге өтіп, эссе жазды.
Екі кезеңнің нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен, естелік сыйлықтармен және кітаптармен марапатталды.
І дәрежелі дипломды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Анастасия Китаева жеңіп алды.
Бұл жеңіс – университетіміз үшін маңызды жетістік, әрі болашақ тарихшылардың білім деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз! Сіздермен мақтанамыз!
Ақпаратты ҚӨУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының 3 курс студенті Милена Мишеладзе дайындады







