Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәстүрлі Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 9 жоғары оқу орнынан 23 сайыскер қатысты.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша 3 курс студенті Мадина Қалиева «Заманауи рефракциядағы маңкуртизм мәселесі» тақырыбымен 2-орынға ие болды.
«Жаңа ғылымның жаңа міндеттері: теориялық және эмпирикалық талдау тәжірибесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Орыс тілі дүниетанымындағы гендерлік стереотиптерді білдірудің лексикалық құралдары» тақырыбында баяндама жасаған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мамандығының 4 курс студенті Алина Микитайчук 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мадина Қалиева мен Алина Микитайчукты және олардың жетекшісі, Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кенжегүл Сегізбаеваны құттықтаймыз, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!