Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің заңтану БББ студенттері ТМД Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің демократияны, парламентаризмді дамыту және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің Халықаралық институты ұйымдастырған «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты IV Халықаралық студенттік интернет-олимпиадасына қатысты.
Олимпиадаға ТМД елдерінің 172 оқу орнынан жиналған 2000-нан астам студент қатысты. Қазақстан Республикасын еліміздің 36 өңірлік жоғары оқу орындарынан келген 365 студент таңылтты.
Қостанайлық студенттер жақсы көрсеткіштер көрсете білді. Солардың бірі - 1 орынды иеленген -2 курс студенті Саят Манабаев, ол 1 дәрежелі диплом алды, ал Әмір Нұрланұлы оның жүлдегері және интерент-олимпиадаға қатысушы сертификатының иегері атанды.
Балалардың жеңісін Қостанай облыстық сайлау комиссиясы атап өтіп, оларға ҚР ОСК төрағасының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.