object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-12 23:05:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ турнирде БІРІНШІ ОРЫН!

Baitursynuly University «География» білім беру бағдарламасының студенттері XIV Халықаралық география турниріне қатысты.

Турнирдің ұйымдастырушылары – Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Орынбор мемлекеттік университеті және Ресей географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесі (РФ).

Қазақстанды бұл турнирде үш студенттік команда таныстырды. Олардың ішінде әрине, біздің ҚӨУ командасы бар.

Турнир екі кезеңде өтті: онлайн және оффлайн форматта.

Бірінші кезеңде студенттер үй тапсырмасын орындады – онда олар ҚӨУ мен жаратылыстану ғылымдары кафедрасының негізгі бағыттарын қамтитын шығармашылық бейнеролик дайындады. Сонымен қатар «География ғылымының ғалымдары» тақырыбында презентация ұсынды.

Екінші кезеңде қатысушылар күрделілік деңгейі әртүрлі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді.

Сұрақтар әлемнің экономикалық географиясы, ғылыми зерттеулер географиясы және экология тақырыптарын қамтыды.

Біздің студенттік команданың модераторлары – Кунсулу Омарова мен Виктория Коваль.

Онлайн-кезеңнің қорытындысы бойынша ҚӨУ командасы 1-орынды иеленді!

«География» білім беру бағдарламасының студенттері – Алимжан Абишев, Аль-Куат Досмаганбетов, Султан Камбаров, Диас Қабатай, Анастасия Ишуткина, Сергей Передерий, Владислав Поруков және Артём Маульды құттықтаймыз!

Сендермен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы