object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-16 22:30:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Энергетика саласының ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Baitursynuly University оқытушысы сарапшы ретінде Қазақстан энергетикасы тақырыбындағы диалог алаңына қатысты.

Кездесу 8 сәуір күні Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханада өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың «жасыл» энергетика саласындағы сауаттылығын, кәсібилігін және құзыреттілігін арттыру, еліміздің энергетика саласын дамытудағы негізгі аспектілерге түсінік қалыптастыру.

Диалог алаңының спикерлері ретінде Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, профессор Гайния Есеева және Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Галия Ручкина сөз сөйледі.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Қостанай облысындағы энергетика саласының дамуындағы өзекті мәселелерді, «жасыл» экономиканың мүмкіндіктерін, саланың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Қайта жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту перспективалары – өңірдің тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етілуі үшін өз генерациясын арттыру және Қазақстанның басқа өңірлерінен мен Ресейден энергия жеткізуге тәуелділікті төмендету екені айтылды.

Қала мектептерінің оқушылары мен университет студенттері талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Дискуссия барысында қатысушылар Қазақстан энергетикасының болашағы білікті әрі сауатты кадрларды дайындауға тікелей байланысты екенін атап өтті. Қазіргі заманға сай экологиялық тұрғыдан тиімді энергетика саласында жұмыс істей алатын мамандарды дайындауға бағытталған білім беру бағдарламаларын енгізу маңызды екені айтылды.

Талқылау қорытындысы ретінде: өңірлік деңгейде жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, «жасыл» экономикаға көшу мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Бұл тек қана қазба отынын тұтынуды азайтып қана қоймай, сонымен қатар экологиялық ахуалды жақсартып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар бұл диалог алаңы Қазақстанның орнықты және тиімді энергетикалық жүйесін дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен жобаларға жол ашады деген сенім білдірді.

Іс-шараға ҚӨУ-дің «Биология», «География», «Экология» білім беру бағдарламаларының студенттері мен Спандияр Көбеев атындағы мектеп өкілдері қатысты.

Қабылдау комиссиясы