object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 22:14:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Болашақ педагогтар

Baitursynuly University педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасында «Арнайы білім беру педагогының кәсіби қалыптасуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның форматы – арнайы білім беру саласындағы болашақ және қазіргі педагогтардың диалогы. Дөңгелек үстел қатысушылары оқу және практикалық кәсіби міндеттерді шешудегі тәжірибелерімен бөлісіп, студенттер мен түлектер арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Ғылыми пікірталас барысында университет түлектерінің жұмысқа орналасқан кездегі қиындықтары, арнайы педагог пен логопед жұмысының жаңа әдістері, жас педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курстары және басқа да мәселелер қарастырылды.

Дөңгелек үстел алаңына Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің инклюзияны қолдау кабинеті жетекшісі Айгуль Мукашева және Қостанай облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының меңгерушісі Анастасия Жигайло қатысты.

Сонымен қатар, арнайы білім беру саласының мамандары, әрі кафедра түлектері: Қостанай қаласының №15 жалпы білім беретін мектебінің логопед-мұғалімі, педагог-модератор Манат Пірімбетова, Қостанай облыстық мүгедектерге арналған оңалту орталығының дефектологы Масайра Тиштыбаева, ЖК «Хасенова М.Е.» логопед-мұғалімі Меруерт Жиенкулова, Қостанай ауданы Заречный №1 жалпы білім беретін мектебінің логопед-мұғалімі, педагог-модератор Гульзат Кадыржанова, №5 емханадағы ЖК «Папета» логопед-мұғалімі Ольга Папета, Қостанай қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің арнайы педагогы Регина Аббасова, «АманатиК» ерекше қажеттілігі бар балаларды дамыту орталығының дефектолог, тәрбиешісі Алина Шевченко, «Развитие» балалар орталығының логопед-дефектологы Марина Стратулат қатысты.

Талқылауға кафедра оқытушылары мен студенттері белсенді түрде атсалысты.

Қабылдау комиссиясы