«Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы The Earthshot Prize 2024 сыйлығын «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясы бойынша жеңіп алып, Қазақстанның дала экожүйелерін сақтаудағы айрықша жетістіктері үшін жоғары марапатқа ие болды.
«Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасы 2005 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары, Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) және халықаралық табиғатты қорғау ұйымы «Fauna & Flora» (FFI), Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS) мен Корольдік құстарды қорғау қоғамы (RSPB) сияқты халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік ретінде құрылған. Бұл бастама Қазақстан далаларындағы биоәртүрлілікті сақтауға және ақбөкен санының қалпына келуіне күш біріктіру мақсатында қолға алынған.
«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватын құру бастамасының координаторы және оның аумағын сипаттайтын кешенді ғылыми экспедицияның жетекшісі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Татьяна Брагина болды. Қазіргі уақытта ақбөкендерді зерттеу және сақтау жұмыстарын оның шәкірті, Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың түлегі Альберт Салемгареев басқарады.