Baitursynuly University жыл сайынғы Алтынсарин оқулары - «Құндылықтар - қазіргі әлеуметтік-мәдени және геосаяси жағдайларда тәрбие берудің концептуалды негізі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған жиынның тақырыбы – Қазақстан Республикасының ұлттық тәрбие беру бағдарламасы болды. Конференцияда жас ұрпақты тәрбиелеу – қазіргі әлеуметтік-мәдени ортада жеке тұлғаны қалыптастыру тәжірибесін зерттеу және жинақтау үшін үлкен сала екендігі атап өтілді. Ұлтымыздың тарихын, дәстүрлерін ескерусіз тәрбие беру мүмкін емес. Мұның бәрі – білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жүйенің, ата-аналар қоғамдастығымен өзара әрекеттесуі және педагогтарды даярлау негізі.
Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер: Е.Б.Калмаков – Оқу-ағарту министрлігі, Э.М.Алиева – Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Д.Ж.Сюндикова – Қостанай облысы білім басқармасы, С.Отельбаева – Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі, Е. Сметанова (Словакия) – университеттің шетелдік серіктесі, Р. Ч. Бектурганова – университет ректорының кеңесшісі, Э. К. Наурызбаева – академиялық мәселелер жөніндегі проректор.
Конференцияда ұлттық тәрбие беру барысындағы қазіргі заман жағдайлары мер Ы.Алтынсариннің идеялық үндестігіне назар аударылды.
Қатысушылар 5 секция бойынша (800-ден астам адам) өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі мектеп оқушыларының тәрбиелеу әлеуетінің рөлін, мектептер мен университеттерде тәрбие беру, оқыту және әлеуметтік бейімделу процестерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мүмкіндіктерін атап өтті.
Қатысушылардың ұсыныстары Алтынсарин оқуларының келесі ұйымдастырылуында Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтының педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасы тарапынан ескерілетін болады.