ҚӨУ-дің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында «Инновациялар панорамасы – 2025» аясында «Қостанай облысындағы шағын жинақты мектептердің даму үдерісі мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары, «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері мен шағын жинақты мектептердің мұғалімдері қатысты.
Ұйымдастырушылардың басты мақсаттары:
Конференция барысында цифрландырудың оқыту тиімділігін арттырудағы маңызы ерекше екені атап өтілді. Бұл әсіресе ресурстары шектеулі шағын жинақты мектептер үшін аса өзекті.
Конференция қорытындысы бойынша кафедра жоспарына шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің қатысуымен тұрақты іс-шаралар енгізу туралы шешім қабылданды. Қатысушылар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.