Baitursynuly University жеңістер қоржыны жыл сайын өтетін республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында тағы бір жүлделімен толықты!
Екінші дәрежелі дипломды ҚӨУ дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Никита ШКВАРЕНКО және «Туризм» ББ 3 курс студенті Дильназ НҰРТАЗИНОВА алды.
Байқау Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (Түркістан қ.) базасында өтті.
«Агрегаторлардың қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметтерін ілгерілетуге әсері» тақырыбындағы жоба республика бойынша 35 жұмыстың ішіндегі ең үздіктердің бірі болып танылды.
Baitursynuly University-дің зерттеуі агрегаторлармен ынтымақтастықтың оң және теріс жақтарын анықтауға, сондай-ақ қызметтерді табысты алға жылжытудың оңтайлы стратегияларын анықтауға бағытталған.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және зор табыс тілейміз!