Baitursynuly University жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Сұлтанғазин оқулары» өтті.
Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтының физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасы ұйымдастырған конференцияға Қазақстан, Ресей, Германия және басқа да елдерден педагогика, математика және цифрлық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты.
Биылғы тақырып «Білім берудегі заманауи зерттеулер: теория, практика, нәтижелер» деп аталады.
Конференцияға қатысқан спикерлер:
Конференция барысында білім беруде цифрлық технологияларды енгізу, жаһандық өзгерістер жағдайында оқыту мен білім алу тәсілдерін жаңарту, сондай-ақ инновациялық білім беру бағдарламаларының практикалық нәтижелері талқыланды.