Ғылым апталығы аясында Baitursynuly University «ҚӨУ-дің археологиялық жаңалықтары» атты ерекше көрме ашылды.
Көрменің атауы айтып тұрғандай, тарихшы-археологтар өздерінің зертханасында экскурсия өткізіп, қазба жұмыстарында табылған нағыз қазыналарды – бірегей экспонаттарды көрсетті.
Лаборатория жұмысы барысында табылған ең құнды жәдігерлермен қатар жаңа олжалар да ұсынылды.
Студенттер мен оқытушылардың ғылыми жұмыстары, сондай-ақ қазіргі заманғы ғалымдардың жұмысына көмектесетін инновациялық жабдықтар да көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
ҚӨУ-дің археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері - Ирина Шевнина кез келген студенттің ғылыммен айналысып көруге мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Ең бастысы - ізденімпаздық, еңбекқорлық және бейжай қарамау.
Біздің археологтар дәл осы қасиеттерімен ерекшеленеді. Тағы да еңбектеріңізге таңдана қараймыз!