object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-18 19:42:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Адамзатты емдейтін ғылым туралы

ҚӨУ ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде «Қазақстанда ветеринария ғылымын дамытудағы жастардың үлесі» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бұл шара ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Валентин Пионтковскийдің құрметіне арналды.

Ол 30 жылдан астам Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу институтын басқарып, ерекше ғылыми еңбектер жазып, жүздеген жас маманды тәрбиеледі.

Конференцияны ветеринариялық медицина кафедрасы ұйымдастырды.

Шараға оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ Қазақстан мен шетелден келген сарапшылар қатысып, пікір алмасты.

«Пионтковский профессордың есімі әрдайым жүрегімізде. Болашақ ветеринарлар ғылымды дамытып, ел экономикасына үлес қосып, оның ізін жалғастыра береді деген үміттемін», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Алмабек Нугманов.

Конференцияда 30 баяндама тыңдалды. Арасында Германияда білім алып, бие сүтінен кремдер мен сусабындар жасау сияқты тың тәжірибелерімен бөліскен студенттің сөзі ерекше қызығушылық тудырды.

«Сіздер дәстүрді жалғастыратын шәкірт қана емес, Пионтковский ұзтазымыз өмір бойы қорғаған өңірлік ветеринарияның сақшыларысыздар.
Профессордың мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен адалдығы сіздерге жол көрсетсін. Ең бастысы, ветеринария адамзатты емдейтінін ұмытпаңыздар», – деді студенттерге ҚӨУ Ғылым және коммерцияландыру басқармасының бастығы Андрей Коваль.

Қабылдау комиссиясы